бекет ,деген ,адай ,жайлы ,әулие ,қалған ,бекет атаның ,қажы мұқамбет ,мезгіл намаз ,адай қазақтар ,«бекет ата» ,қажы мұқамбет қаракедей

ӘУЛИЕ БЕКЕТ - ПІР АТА

Әріптің көлемі: Қалыпты
 

 “Ол – көзінің тірісінде қиянатқа жол бермес Әділдіктің, күпірлікке жол бермес Адалдықтың, қараулыққа жол бермес Шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес Мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес Парасаттылықтың асқан үлгісін танытқан, елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат, жаудан елді арашалаған Батыр, дауда әділетті арашалаған Қази, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдар, Әлсізге Медет, Күштіге Айбар, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға Сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі”  

(Әбіш Кекілбаев, қоғам қайраткері, жазушы).

 Бекет атамыздың қадір-қасиеті жайлы Әбіш ағамыздың берген сипаттамасы осы. Қысқа да, нұсқа.

Жалпы ата жайлы БАҚ-тарда (Бұқаралық Ақпарат Құралдары) аз жазылып жүрген жоқ. Әлі жазылмағаны қаншама? Ата жайлы жазылғандардың бәрінің басты идеясы – ұлы ғұлама, ұстаз, көріпкел әулие, батыр, қасиетті Пір – Бекет Атаға бас ию, құрметтеу, оны ұлағаттау, және үлгі тұту. Ата жайлы жазылар шежіре – дастандар әлі алда. Ата жайлы жыр – таусылмайтын, мәңгі жыр. Осы шежіре-дастандар арқылы Атамызбен арамыздағы уақыт кезеңі алыстаған сайын Ата бізге жақындай түсері хақ. Ылайым да солай болғай!

Ертеде ғұмыр кешкен Түмен Балтабасұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Бала Ораз Өтебайұлы, Насихат Сүгірұлы сияқты жыр сүлейлері Бекет ата туралы жыр толғаған.

Қазақ елі тәуелсіздікке қолы жеткелі бері де Ата жайлы сүбелі-сүбелі еңбектер жарық көрді. Өлкеміздің елге белгілі абзал азаматтары Атаны тануға ұмтылып ел аузындағы аңыз-әңгімелерді, сонымен қатар қарапайым жұрт біле бермейтін тың ғылыми деректерді де жинақтап, көпшілікке ұсынып  келеді. Олар: 400-ге тарта естелік әңгімелерді жинақтап «Бекет Ата» деген атпен баспадан шығарған Мырзабекұлы Ислам қажы (1993), ғалым Қабиболла Сыдиықұлының зерттеу кітабы (1994), Маңдайлы Қосымбаеваның «Бекет Ата – 250. Ас шежіресі», Ғафу Қайырбековтың Ата туралы толғауы, Фариза Оңғарсынованың «Оғыланды», Рахмет Аяпбергенұлының «Бекет Ата» атты поэмалары, солармен қатар Есенғали Раушанов, Сабыр Адай, Мэлс Қосымбаев, Сайын Назарбеков, Әзірбайжан Қонарбаев, Сақып Керелбаев, Әбілқайыр Спан, Рахат Қосбармақ, Ғалым Әріп, Өмірзақ Озғанбай, Әбдірахман Базарбаев, Ырза Оңғарбай, Светқали Нұржан, С.Бөлекұлы, Л.Сисекенов, А.Ершуов,  Қ.Жұмашев, Р.Зейноллақызы, Ж.Абижановтар сияқты басқа да көптеген қаламгерлердің кітаптары, жырлары, мақалалары, ғалымдардың еңбектері баспадан шыға бастады. Батыс өңірінде Ата жайлы қалам тартпаған бірде-бір қаламгер жоқ десе де болады. Шәміл Әбілтайтегі «Бекет Ата» атты күй шығарды. Атаның ел алдындағы еңбегін бағалап,     аруағын ұлықтағандарыңыз үшін баршаңызға мыңдаған алғыс

  • #10
  • Бекжан
  • сб, 05/12/2015 - 6:15

Бекет Ата сол аймақтың халқын оқыту үшін өз қолымен жер асты мешіттерін салды. Ол кісі діни білімді Орта Азия медресселерінде алған. Жалпы Маңғыстау қазақтары ұзақ заман қалған қазақтармен байланыста болмаған деуге болады. Олар мен қалған қазақтардың ортасында түркімендер отырған. Осындай жағдай шамамен түркімен Арсарылар мен қазақ Адайлар Кавказдан қайтып келген 12 ғасырдан бастап 17 ғасырға дейін орын алған. Түркімен Арсарылар Хазар қағанатының жалдамалы әскері болған мұсылмандар еді, ал Адайлар сол кавказдағы ескі дінді мұсылман емес қазақтар болатын (Әл Масуди мәліметінен). Сол закавказеде қазақтармен (адайлармен) қатар християн дінді шемар-араптар (вайнахтар) отырды және олар ертеде келген араптар екенін Әл Масуди көрсетеді. Сол арап шемар халқының сөзге шешен тобына "шешен" деп, таудан үңгіп үй қазатын таулық тобына "үңгіш" деп, аса айлакер тобына "әккі" деп атау берген закавказелік қазақтар (Вайнах халқы шешен, ингуш, акки деп үшке бөлінеді). 
Сол шемар араптардан закавказе қазақтары араптың 360 пұтты құдайы сенімі қабылдағаны түсінікті. Міне осы сенімді адай қазақтар өздерімен бірге 12 ғасырда Маңғыстауға ала келді. Олар теңіз жағалай қоныстанған, ал Арсары түркімен мұсылмандар кәзіргі Отпан таудан бастап Қарақалпақстанға қарай қоныстанған. Осылайша адай қазақтар өз халқымен ұзақ заман қосыла алмай қалған және осы себептен оларда "сау бол", "қопырама", "не зат" тәрізді өзіндік сөздер сақталып қалған (осындай сөздер кавказдағы ноғай, қарашай, балқар ұлттарында қолданылады). Атақты Қырымның қырық батыры жырыда тек осы Адайларда сақталды (сол закавказе мен қырымнан келмесе оларда ол жыр болмас еді). Қарақалпақ халқыда сол 12 ғасырда бірге келген сол закавказеден және олардың сол закавказеде қалғандары "қарапапах" деген атаумен әлі бар азарбайжандар құрамында, ал Адаев деген әулет осетин дигорларында сақталған және онда Адай Хох (Адай тау) деген тау атауыда сақталған. 

Кейін 17 ғасырларда адай қазақтар мен арсары түркімендер арасында соғыс болды, ақыры түркімендер жеңіліп кәзіргі Түркіменстанға кетті. Осылайша Адай тайпасы мен қалған қазақтар арасы қосылып кетті. Бұл заманда әрине Адайлар шалада болса мұсылмандар еді, осы себептен араптық 360 пұт құдай сенімі "360 мұсылман әулиесі" деген сенімге ауысып кеткен болатын. Оған Шопан әулие мен Бекет әулие есімдері қосылуымен кәзіргі "362 әулие" сенімі орныққан. 

Бекет Ата ешқашанда "маған табыныңдар, мен сұрағандарыңды беремін, мен өлгенсоң қабірімнен қажеттеріңді сұраңдар" деген өсиет қалдырмаған. Ол кісі нағыз мұсылман уағызшысы болған, шала мұсылман тайпаластарын "бес мезгіл намаз өтеуші" нағыз мұсылмандыққа жеткізуге атсалысқан. Сол үшін тұрақты мешіттер салып балалар оқытқан. Осындай еңбегі мен шынайы мұсылмандығы үшін Алла оны "сүйікті құлы" етті, яғни оған "әулиелік" берді. "Әулие" деген араптың сөзі "Алланың сүйіктісі" деген мағына береді. Алла өзінің сүйіктісі сұрағанда оған бермеуге ұялады, оның сұрағанын береді делінген. Осылайша Алладан сұрау арқылы Бекет ата тайпаластарының қажеттерін өтеп отырған, осылайша халық арасында ерекше құрметтеліп халықты таза мұсылмандыққа тарта алды. Әулие адам халыққа тірі кезінде Алланың қалауымен көмектеседі, ол өлгенсоң еш көмектесе алмайды. Ешқандай адам өлгенсоң мына дұниеге қайтып келе алмайды. 

Алайда кейін Ресей билеген заманда Маңғыстау халқы дінінен қатты қашықтады. Бес мезгіл намаз оқымайтын, оның орнына "Бекет Атаның басына түнеп қайтуды" амал ететін шала мұсылмандық орнады. Мына автордың өзі намаз оқымайтын Адай ғой. Сөйтіп отырып нағыз мұсылман әулиесі болған Бекет Ата жайлы пікір айтады. Ол Бекет Атасының "бес мезгіл намаз оқуға шақырған" өсиетін ұмытқанымен ісі жоқ. Аллаға еш серік қоспаған Бекет Атаның шын тарихын небір шындығы аз аңыздармен өзгертіп бітті кейінгі ұрпақтары. Осылайша аталарына деген махаббат халықты шатасуға алып келді, енді келіп Бекет Атаның басын табыну орны етіп бітті. Ол кісінің басына зиярат етіп баруға болады, ал мал сойып ол кісінің қабірінен қажетін сұрау барып тұрған ШІРІК аамал. Осыны түсінеме мына автор! Орыстар билеген заман Маңғыстау халқын негізінен шала мұсылман етті. Ақтау қаласында екі ғана мешіт бары сөзіме дәлел. Аллаға шүкір енді енді халық Бекет Ата уағыздаған шынайы дінге келе бастады, ауылдарда енді ғана мешіттер ашылып жатыр. Дінінен соншалықты қашықтап қалған үлкен буын "вахабистер көбейіп кетеді ауылда" деген желеумен ауылдарда мешіттер салдырмай келді. Тек соңғы жылдарда сең қозғалды. Бекет Атаның есіміне лайық болу үшін сол кісі ұстанған шынайы мұсылмандықты ұстану керек бауырым. Сонда ғана Атаның ұрпағы деген атаққа лайық боласың, Болмаса бес мезгіл намазы жоқ, дінен Д әрпін білмейтін кәзіргі ұрпақтарын көрсе Бекет Ата шошыр еді ғой. Соны ойлан Бекет Атадан құдай жасап Алланың ашуына ұшырағанша.

  • #36
  • Қажы Мұқамбет Қаракедей
  • дн, 07/12/2015 - 20:25

1_ Бекет атадан басқа Бекет атанған қазақ бар ма екен?
2_ Ол жарықтық дүниеден озып Бақилық болғаны сөзсіз.
3_ Атадан қол жазған соң жәрдем деме ету қисынсыз ғой.
4_Енді Ол пірі үлгі көру ғана жарайды. Ата қалай Шариғат, Тарихат, Хақиқат пен тариқатты үйренді екен.Егер осы жолмен ізденбесек тек қана Бекет, Бекет деп шақырғаннан дым шықпас ау. 
5_ Бекет ата, қалған 361 әулиелер мен 123 мың пайғамбар-Əнбиелердің баршасына жалбарынсақ та еш пайда болмайды деп Құдай тағала өз кітабында ескерткені бар.
6_ Қазір бізге қандай жан керек екен, соны жарату не жарасу тиіс. Əйтпесе өткен əулиелер жарамды болғанда 362_іші əулие ретінде Бекет ата да белді буып ғылым талап етіп өз заманындағы пірге қол бермес еді.
7_ Демек, əр ел өз кезеңін танып соған сәйкес жұмылмаса, алдындағы дөңдерден аса алмасы Тағдырдың талабы екенін аңғару керек.
P/s : автордың шыңғысханға осынша қадалғанын құптай алмадым. Ол қанішер қаншама бейбіт жандарды қырғанын жасырғысы келе ме екен ? Ондай дəулерге жоламай ақ қоялық.

    • #46
    • 46
    • дн, 07/12/2015 - 22:50

    Қажы Мұқамбет Қаракедейге! 

    Шыңғыс қағанды Қазақ шежірешілерінің ешқайсысы Сіз айтқан сөзді қолданбаған.

    • #47
    • 47
    • сс, 08/12/2015 - 5:50

    Қажы Мұқанбет Қаракедейге!

    Қажылыққа барған қажылардың бәрі Сіз сияқты ойлай ма?

    Әлде бұл Сіздің жеке пікіріңіз бе?

    • #48
    • Қажы Мұқамбет Қаракедей
    • сс, 08/12/2015 - 11:37

    Шыңғысханға қарсы боларда мұндай қорғаушысы бар деп ойлаған жоқ едім. Тіпті Бекет атаға сиыну де керек емес дегенге де қарсы болғанды жөн көреді ау! Қазақтар монғол шапқыншылығынан бұрын енді ғана қала сала бастап, мәдениетті болып жатыр еді. Сол қалалардың белгілісі деп Отырарды айтар ем. Соны тас талқандаған Шыңғыс емес пе еді ? Мұңалдар сол монғолдар болса мұсылман емес дегенмен пара-пар ғой.
    Оларға кім дүйім дүние халықтарына діни еркіндік әпер деп елшілік берген еді ? Ол Əжүж-мəжүждерді тиям деп Зұлқарнай мыс бөгет салғаны Құранда бар емес пе ? Бекет атадай пірлерді қойып Шыңғысхандайлады əулие санасақ барар жеріміз солармен бірдей болар деп ойлаймын ағайын. Бекет аталарды үлгі етсек діндар бола аламыз да Шыңғысханнан өнеге алсақ фашист болып шығамыз.

منبع اصلی مطلب : حاجي محمد شادكام
برچسب ها : бекет ,деген ,адай ,жайлы ,әулие ,қалған ,бекет атаның ,қажы мұқамбет ,мезгіл намаз ,адай қазақтар ,«бекет ата» ,қажы мұқамбет қаракедей
اشتراک گذاری: این صفحه را به اشتراک بگذارید

سایت : او^لیه به که ت-پئر اتا